АҚШ-тың алғашқы әйел - Мемлекеттік хатшысы қайтыс болды

АҚШ-тың алғашқы әйел - Мемлекеттік хатшысы қайтыс болды

АҚШ-тың алғашқы әйел - Мемлекеттік хатшысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz euronews-ке сілтеме жасап. Олбрайт 1997 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы болды. Ол - ел тарихындағы осы лауазымды иеленген тұңғыш әйел.
 «Біз бүгін 64-ші Мемлекеттік хатшы және осы лауазымдағы алғашқы әйел, доктор Мадлен Олбрайттың қайтыс болғаны туралы хабарлаймыз», - делінген марқұмның отбасының хабарламасында.
Мадлен Олбрайт (туған кезде Мария Яна Корбелова) 1937 жылы 15 мамырда Прагада фашистік Германия Чехословакияны басып алғаннан кейін елден кетуге мәжбүр болған чех дипломатының отбасында дүниеге келген. 1948 жылы отбасымен бірге  АҚШ-қа көшіп келіп, 1957 жылы Америка азаматтығын алды. Америка Құрама Штаттарында дүниеге келмегендігі оның Президенттікке үміткер болуына  кедергі келтірді.