Сауд Арабиясының тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды

Сауд Арабиясының тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды

Сауд Арабиясының тұрғындарына аққала жасауға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы билігі ел тұрғындарына аққала жасауға тыйым салды, деп хабарлайды НТВ.ru. Өйткені бұл елдің діни және дәстүрлік ұстанымдары бойынша адам сұлбасына ұқсас фигуралар жасауға болмайы. Дүние жүзіндегі ең ыстық елдердің бірі – Сауд Арабиясының халқын ауа райының күрт суытуы шошытты.  Елдің орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында температураның төмендегені соншалық, шөл даладағы құмның бетін қар басып қалған. Табарджал қаласында температура -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті. Жауын-шашыннан сел пайда болып, көлік кептелісі ұлғайды. Метеорологтардың жақын күндері корольдіктің барлық аумағында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды. Елдің екі аймағында қауіптің сарғыш деңгейі енгізілсе, тағы 6 ауданында сары деңгейлі қауіп жарияланды. Жергілікті билік өкілдері қар тазалау жұмыстарына жедел кірісті. Ауа райының бұлай құбылуы ата-аналардың да жұмысын көбейтті. Олар өз балаларына аққала жасауға болмайтынын ескеріп әлек. Өйткені елдің дін қызметкерлері қардан жасалған фигуралар адам сұлбасын еске түсіретінін ескертті. Бұл Сауд Арабиясы ұстанатын исламның қағидаттарына қайшы.