Атамбаевты жалаң аяқ сотқа сүйреді

Атамбаевты жалаң аяқ сотқа сүйреді

Атамбаевты жалаң аяқ сотқа сүйреді
ашық дереккөзі
Қырғыз соты осыдан 3 жыл бұрын бас бостандығынан айрылған бұрынғы Президент Алмазбек Атамбаевты ішкиім мен футболка ғана кигеніне қарамай, мәжбүрлі түрде сотқа жеткізгісі келді деп хабарлады turkystan.kz SPUTNIK Кыргызстан агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошев әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. Ол 47 түзеу колониясы қызметкерлерінің Атамбаевты абақтыдан үстіндегі жеңіл киімдеріне қарамай, сүйретіп әкетіп, конвоирлерге тапсырғанын айтты.
«Заң бойынша сотталушының денсаулығы жүріп-тұруға жарамаса, оның сотқа бармауға қақысы бар. Қыстың көзі қырауда іш киім, футболкамен, жалаң аяқ қармен жүргізіп, сотқа апарғысы келген. Қазір оған сот керек емес. Оған денсаулық керек. Сол үшін ол қасарысып, көліктен шықпай, сотқа барған жоқ», - деді ол.
Осыдан кейін Атамбаевсыз сот өтіп, онда Кой-Тайшы оқиларына қатысты тыңдаулар болыпты. Қырғыз елінің бұрынғы басшысы 2019 жылы осы және басқа да қылмыстық істерге қатысы бар деген айыппен 11 жыл, 2 айға сотталған.