Кеңес Одағында 4 дана ғана шығарылған көліктің бірі Қызылордада тұр (ВИДЕО)

Кеңес Одағында 4 дана ғана шығарылған көліктің бірі Қызылордада тұр (ВИДЕО)

Кеңес Одағында 4 дана ғана шығарылған көліктің бірі Қызылордада тұр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сирек көлік 80 жылдық тарихы бар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталған деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 1985 жылы «Горький» автомобиль зауытында арнайы тапсырыспен жасалып, Сыр өңіріне жеткізілген «Чайка» - музейдегі құнды жәдігер. Сүліктей қара көлік сол кезде облысты басқарған Еркін Әуелбековке берілген. Толық автоматтандырылған люкс санаттағы машинаның бүкіл Кеңес Одағы бойынша тек 4-еуі ғана құрастырылған екен. «Соның бірі неге Қызылордаға бұйырды?» деген сұраққа жауап іздеген музей қызметкерлері Мәскеу архивтерін де ақтарыпты. Сөйтсе, күріштен көп өнім алып, ондаған Социалистік Еңбек Ерін тудырған киелі өлкенің құрметіне орай ресми Мәскеу ерекше экземпляр жіберуді ұйғарыпты. 2005 жылдан бері мемлекет қарауына өткен «Чайка» ГАЗ-24 әлі де мініске жарайды. 250 аттың күші бар темір тұлпар жылдамдығын сағатына 160 шақырымға дейін арттыра алады.
«Бұл автомобильдің тағы бір ерекшелігі, артқы жағында үлкен антенна болған екен. Кішкентай қорап КСРО КГБ-мен тікелей байланыс үшін жасалған. Ол аппараты бізге келген жоқ», - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Аманкүл Дүйсенбекқызы.
Тағы оқи отырыңыз: Қазнетті шулатқан шенді Қостанайдың әкімі болып тағайындалды (ВИДЕО)