Путиннің бункері табылды (ФОТО, ВИДЕО)

Путиннің бункері табылды (ФОТО, ВИДЕО)

Путиннің бункері табылды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы әскери қақтығыс ядролық соғысқа айналса, өзі тығылатын бункер дайындап қойған. Оған қатысты соғыс басталысымен айтылып келе жатқан әңгіме «Обозреватель» газетінде жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Ресей басшылығы ядролық соғыс бола қалған жағдайда елдің шығыс жағынан жерасты қалашығын дайындауға кірісіп кетті. 17 наурыз күні сол жаққа қарай бірнеше бағытта үкіметтік рейстер жасалды», – делінген газетке шыққан шағын мақалада.
Жерасты қалашықтары Кеңес Одағы кезінде салынған екен. Онда бірнеше ай автономиялық режимде тұрып, өмір сүруге болатын жағдай жасалған көрінеді. Ал әлеуметтік желіде соңғы кездері Владимир Путиннің Башқұрт Республикасының Белая река ауданы жеріндегі Орал тауларының түстік баурайында жатқан Ямантау деген шоқының астына орналасқан бункер-қалашықта тұрып жатқаны жиі айтылып жүр. Онда, тіпті, Путиннің бункерде отырған суреті де жарияланды. Жалпы, Ресей аумағында мұндай 5-6 бункер бар екені айтылады. Бұл жерлерде жылдап өмір сүре беруге болады екен. Жамантау Путиннің жанын сақтап қалатын жақсы жер болғалы тұр.  width=  width=  width=