ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр
ашық дереккөзі
Еуропалық Одақ Ресейге экономикалық қысымды одан әрі күшейтуге ниетті. 23 наурызда Брюссель Ресеймен болып жатқан қақтығыста Украинаны қолдайтынын ресми түрде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz euronews-ке сілтеме жасап. Одаққа мүше 27 елдің көшбасшысы апта соңына дейін тағы бір санкциялар пакетін дайындайды. Жаңа шаралар Ресейдің энергетикалық секторына бағытталуы мүмкін.
«Біз халықаралық серіктестерімізбен бірлесе отырып, бұрын-соңды қолданбаған санкцияларды енгіздік. Олар қаржы жүйесіне, экономиканың негізгі секторларына зиян келтірді және режим жақтастарына соққы берді. Біз Путиннің әскери күштерін толық сарқылу деңгейіне жеткізуге дайынбыз», - деді Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель.
Украина Президенті Франция Парламентінің депутаттары алдында сөйлеген сөзінде «бостандыққа, теңдік пен бауырластыққа қарсы» соғысты тоқтату үшін көмектесуге шақырды.
«Бейбітшілікті сақтау үшін әлем оны агрессорға қарсы санкциялармен қолдауы керек. Әр апта сайын бізге жаңа санкциялар пакеті қажет. Француз компаниялары Ресей нарығынан кетіп, Рено, Ашан, Леруа Мерлен және басқа да компаниялар Ресей әскеріне демеушілік етуді тоқтатуы керек», - деді Владимир Зеленский.
Еске сала кетсек, Владимир Путин бұған дейінгі санкцияларға жауап ретінде кейбір елдермен газ келісімшартын рубльге ауыстыру туралы мәлімдеген болатын.