Путин Қазақстаннан да әскер сұрап отыр

Путин Қазақстаннан да әскер сұрап отыр

Путин Қазақстаннан да әскер сұрап отыр
ашық дереккөзі
Владимир Путин Ресей әскері Украинада көп шығынға ұшырағаннан кейін одақтастарынан көмек сұрай бастады деп хабарлады turkystan.kz TCH телеарнасына сілтеме жасап. Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де Ресейдің соғысқа барлық жақтан резервтер тартып жатқанын, Тынық мұхиттағы флот теңізшілері мен Таулы Қарабақта тұрған бітімгерлерді әкелгісі келетінін айтты. Сонымен бірге, ол Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің басшыларына қайта-қайта шығып, Украинадағы соғысты жалғастыруы үшін өзіне көмекке әскер күшін беруді сұрап, жалынып отырғанын жеткізді. Тағы оқи отырыңыз: НАТО: Ресей 40 мың сарбазынан айырылды Бұл ретте ҰҚШҰ-ға мүше елдер қатарында Ресейден басқа, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері бар екенін ескерген жөн.