Теміртаудағы футзалда болған төбелестің жай-жапсары белгілі болды

Теміртаудағы футзалда болған төбелестің жай-жапсары белгілі болды

Теміртаудағы футзалда болған төбелестің жай-жапсары белгілі болды
ашық дереккөзі
Таяуда Қарағанды облысында футзалдан өткен турнирдің соңы жаппай төбелеспен аяқталған болатын. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі турнирде болған жаппай төбелестің жай-жапсарын хабарлады. Белгілі болғандай, Наурыз мейрамына арналған жарыс 21 наурыз күні Теміртаудағы спорт кешендерінің бірінде ұйымдастырылған.
«Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу барысында төбелеске қатысушылардың барлығын анықтады. Төбелес турнирдің әуесқой футзал командалары арасында ұйымдастырылғаны белгілі болды. Екі команда арасындағы ойын кезінде спортшылардың бірі ереже бұзып, қарсылас команданың спортшысын итеріп жіберген. Осыдан кейін командаластарын жақтаған екі команда мүшелері арасында төбелес шықты», – деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі.
Полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі («Бір топ адамдар жасаған бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылардың барлығына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулылар шығарылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.