Жаңалықтар

Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Кеше Қосшыдан Нұр-Сұлтанға баратын тасжолда, яғни Лесная поляна тұрғын алабы тұсында №320 автобус пен 11 көлік соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz. Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желіге тез тарады. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз сағат 14.30 шамасында болған. «Қосшы қаласынан Нұр-Cұлтанға дейінгі тасжолда 12 көлік, соның ішінде 1 автобус соқтығысты. Жол апатына кінәлі тұлғалар метеорологиялық жағдайларға сай жылдамдықты сақтамаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Үш адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді», - деді ПД өкілі. Қазір бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.