Ресейдің қандай жағдайда ядролық қаруды қолданатыны белгілі болды

Ресейдің қандай жағдайда ядролық қаруды қолданатыны белгілі болды

Ресейдің қандай жағдайда ядролық қаруды қолданатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков CNN телеарнасында егер өзіне қауіп төнген жағдайда Ресей ядролық қаруды қолданатынын айтты деп жазды turkystan.kz.
«Ресейдің ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы ядролық қаруды елдің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолдануды қарастырады», – деді Дмитрий Песков.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Брюссельде өтетін НАТО саммитінде альянсқа мүше елдер Ресей химиялық, биологиялық, кибер немесе ядролық қару қолданған жағдайда қалай әрекет ететіндерін талқылайды. Ал АҚШ Президенті Джо Байден болса, Владимир Путиннің Украинаға химиялық қару қолдануға баруы мүмкін екенін ескертіп отыр.