Ресей Еуропа мен АҚШ-қа газ сатқанда рубльмен есеп айырыспақ

Ресей Еуропа мен АҚШ-қа газ сатқанда рубльмен есеп айырыспақ

Ресей Еуропа мен АҚШ-қа газ сатқанда рубльмен есеп айырыспақ
ашық дереккөзі
Ресей Президенті Владимир Путин табиғи газды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің өнімді Еуроодақ және АҚШ-қа жеткізіп, доллар мен еурода ақы алудың ешқандай мағынасы жоқ екені белгілі. Сондықтан ақы алу мәселесінде аз уақытта кешенді шаралар қабылдап, табиғи газды ресейлік рубльге сату туралы шешім қабылдадым. Яғни есеп айырысу кезінде өзге валютаны қолданудан бас тартамыз», - деді Путин Үкімет отырысында.
Еске сала кетсек, бұған дейін осындай мәлімдемені «Роскосмос» директоры Дмитрий Рогозин де жасаған болатын.
«Біз де барлық сыртқы келісімдерді ресейлік рубль арқылы жасаймыз», - деген еді ол.