Нижат Рахимов медалінен айырылуына байланысты пікір білдірді

Нижат Рахимов медалінен айырылуына байланысты пікір білдірді

Нижат Рахимов медалінен айырылуына байланысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов медалінен айырылуына және ұзақ мерзімді дисквалификацияға байланысты ойымен бөлісті деп жазды turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Спортшы оның дәлелдері қабылданбағанын мойындады. Бұған дейін ол медальдан айырылып, шеттетілген еді.
«Достар, Наурыз мейрамының осындай күндерінде CAS допингке қарсы департаментінің шешімі көңіліме қаяу салды. Төреші дәлелдерімді былтыр тамызда өткен тыңдау барысында қабылдамағаны өте өкінішті» деп жазды ауыр атлет Instagram-дағы парақшасына.
Айтуынша, ол CAS допингке қарсы департаментінің бұл шешіміне шағымдануға ниет білдіріп отыр.