Иығына салған лақты 33 рет көтерген бала шалқасынан түсті (ВИДЕО)

Иығына салған лақты 33 рет көтерген бала шалқасынан түсті (ВИДЕО)

Иығына салған лақты 33 рет көтерген бала шалқасынан түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Интернетте лақ көтеріп, сайысқа түскен баланың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Авторы мен мекен-жайы белгісіз видеода бастауыш сынып оқушысы лақты 33 мәрте көтерген. Ол әбден күші таусылған сәтте шалқасынан құлаған. Бұған дейін оны қолпаштап тұрған көрермендер осы сәтте қыран-топан күлкіге қарық болды. Талқыға түскен тарыдай баланың видеосы жайлы көпшіліктің пікірі де әртүрлі.
«Мұқандай бол!», «Болайын деп тұрған бала екен», «Толағайдың ұрпағы ғой», «Мықты» деп жазды желі қолданушылары.
Тағы оқи отырыңыз: Балабақшадағы қыз қуу қызу талқыға түсті (ВИДЕО)