Елордада бір күнде 30-дан астам жол апаты болды

Елордада бір күнде 30-дан астам жол апаты болды

Елордада бір күнде 30-дан астам жол апаты болды
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан 35 жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатты боран соғып тұр. Таңертеңнен бері қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды. Сонымен қатар автокөлікпен қаладан тыс алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Қазіргі уақытта боранға байланысты барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін арнайы рұқсат етілген көшеден өтіңіздер» делінген ПД мәліметінде
Тағы оқи отырыңыз: Қатты дауыл Каспий құбыр консорциумы терминалының жұмысына әсер етті