Жаңалықтар

Сауд Арабиясы қар құрсауында қалды

ашық дереккөзі

Сауд Арабиясы қар құрсауында қалды

Кеше әлемнің ыстық өлкелерінің бірі – Сауд Арабиясында қар жауды. Бұл туралы корольдіктің Бас метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

 Елдің орталық бөлігіндегі астаналық округ аудандарында температураның төмендегені соншалық, шөл даладағы құмның бетін қар басып қалған. Табарджал қаласында температура -3°C дейін төмендеді, Әл-Куараят провинциясында сынап бағанасы -1°C көрсетті. Жауын-шашыннан сел пайда болып, көлік кептелісі ұлғайды. Метеорологтардың жақын күндері корольдіктің барлық аумағында жауын-шашын болатынын ескертті. Азаматтық қорғаныс корольдік құзырындағы азаматтар мен шетелдіктерді сақтық шараларын ұстануға шақырды.