Мәскеу соты Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды

Мәскеу соты Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды

Мәскеу соты Навальныйды 9 жылға бас бостандығынан айырды
ашық дереккөзі
Мәскеудегі Лефортовский соты оппозиционер Алексей Навальныйды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды және 1,2 млн рубль айыппұл салды деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Навальныйды 13 жылға соттауды және 1,2 млн рубль айыппұл салуды сұраған еді. Енді саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Навальныйға «Жемқорлықпен күрес қорына» аударылған ақшаны өз қажетіне жұмсады және осыған дейінгі соттарда судья, прокурорға жала жапты деген айыптар тағылды. Навальныйға үкім шыққан соң оның адвокаттары да ұсталып, кейін босатылды. Amnesty International ұйымы сот үкімін «адам құқықтарын өрескел бұзу» деп бағалады. Алексей Навальный – Ресей президенті Путинді ашық сынап жүрген оппозициясының лидері. Оның «Жемқорлықпен күрес қоры» Путин және оның айналасындағы шенділердің коррупцияға қатысы бары жайлы зерттеулер жариялаған. Тағы оқи отырыңыз: Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді