Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді

23 наурыз, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді InDriver халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде жұмыс істейтін қызметкерлердің негізгі бөлігі Қазақстанға көшіп келмек. Бұл жайлы Chocofamily Holding-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов хабарлады деп жазды turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Мұны InDriver-дің басшысы Арсен Томский де растаған. «Арсен Томскиймен кездестік. Ол команданың негізгі (шешуші) бөлігі Қазақстанға көшеді деген ақпаратты растады. Бұл - біздің еліміз үшін керемет жаңалық! Қонақтарды Алматыда қуанышпен күтіп алуымыз керек. Олар – Ресейдегі мықты адамдар. Енді олар Қазақстанда тұрып, осында салық төлейді, қаржы жұмсайды. Қазақстан тұрғындарына технологияны үйретеді» деп жазды Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде. Тағы оқи отырыңыз: Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда бірде-бір адамның мәйіті табылмады (ВИДЕО)