Президент халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты

Президент халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты

Президент халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еңбек Ері, халық әртісі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. «Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды» деп жазылған жеделхатта. Тағы оқи отырыңыз: «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде басты рөлді сомдаған актер өмірден өтті