Жаңалықтар

«Иди, не мешай»: Роза Рымбаева көрерменінің кеудесінен итерді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Иди, не мешай»: Роза Рымбаева көрерменінің кеудесінен итерді (ВИДЕО)

Сахна төрінде «Наурыз-думан» әнін орындап тұрған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ыңғайсыз жағдайда қалды деп жазды turkystan.kz. Мерекелік іс-шара кезінде ән салып тұрған әншінің қасына белгісіз жігіт жетіп келген. Ол телефонын көтеріп, әншімен селфи жасамақ болды. Оның бұл қылығы әншіге ұнамады. Роза Рымбаева бейтаныс адамның кеудесінен итеріп, кедергі жасамауын сұрады. Осы сәтте халық әртісінің әнді фонограммамен орындап жатқаны белгілі болып қалды. Мұның бәрін көрермендер бірнеше жерден камераға түсіріп алған. Видеоны көрген желі қолданушылары «Ұят болған екен», «Жігіттікі мәдениетсіздік», «Фотоға түсе салса несі кетеді?», «Роза апайдан мұндайды күтпедім» деп жазды.