Тегін тамаққа таласқандардың видеосы тарады

Тегін тамаққа таласқандардың видеосы тарады

Тегін тамаққа таласқандардың видеосы тарады
ашық дереккөзі
Интернетте Наурыз мейрамынан кейін түрлі видеолар пайда бола бастады. Түсірілген жері және уақыты белгісіз тағы бір видеода тегін тамаққа таласты көруге болады деп жазды turkystan.kz. Аталған видеоны миллиондаған оқырманы бар блогерлер бөліскен. Кадрдан киіз үйлер тігілген аймақта бір қазан палау пісірілгенін байқауға болады. Сол маңда жиылған жұрт ошаққа қарай ентелей жөнелген. Тамақ алып қалуға талпығандардың ішінде бала да, үлкендер де көп. Қазанды қаумалаған адамдар арасында егде жастағы әйел құлап та қалған.
«Пейіліміз тарылмасын», «Түк көрмегендей...», «Біздің халықты осындай қылық құртады», «Халық соншалық аш па?», «Ұйымдастырушылардан да қателік кеткен сияқты», «Неше жыл палау жемегендер?», «Аш қой халық», «Аштықтан қалған қазақтар ма?», «Әбден тегін нәрсеге бет бұрып алғанбыз», «Халық жайында жаман пікір жазуға болмайды» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Тағы оқи отырыңыз: Балабақшадағы қыз қуу қызу талқыға түсті (ВИДЕО)