Балабақшадағы қыз қуу қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Балабақшадағы қыз қуу қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Балабақшадағы қыз қуу қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Қазақстандағы балабақшалардың бірінде болған қыз қуу ойынының видеосы тарап кетті деп жазды turkystan.kz. Осыдан соң turkystan.kz тілшісі видеоның қашан және қайда түсірілгенін анықтады. Видео 16 наурыз күні елордадағы №19 «Балбөбек» балабақшасында түсірілген.  Ұлттық киімдегі балалар көрермендерге қыз қуу ойынын көрсеткен. Қызды қуған баланың аты-жөні – Қайрат Омар Қуанышұлы. Ол ойын бастала салысымен қызды қуып жетіп, бетінен сүйген. Балалардың осы бір әрекеті көптің көңілін көтеріп, талқыға түсті.
Олар «Ұлттық ойынды жаңғыртып жатыр», «Күлкіге қарық болдық», «Тез жетіп алды ғой», «Қыздың аты шаппайды екен»,  «Сүйкімді екен» деп жазды.
Сондай-ақ бұл әрекеттің дұрыс еместігін жазғандар да бар. Тағы оқи отырыңыз: Ажырасып жүрген Қайрат Нұртас ұлымен қауышты (ВИДЕО)