Қытайда құлаған ұшақта қазақстандықтар бар ма?

Қытайда құлаған ұшақта қазақстандықтар бар ма?

Қытайда құлаған ұшақта қазақстандықтар бар ма?
ашық дереккөзі
Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болмаған деп хабарлады turkystan.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің азаматтары болмаған» деп жазылған ҚР СІМ таратқан мәліметте.

Еске салсақ, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Ұшақ бортында 132 адам, атап айтқанда, 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тағы оқи отырыңыз: Қытайда 132 адамы бар ұшақ орманға құлады (ВИДЕО)