«Халқымның ықыласы қадірі кеткен медальдан артық!» – футзалдан Еуропаның ең үздік бомбардирі

«Халқымның ықыласы қадірі кеткен медальдан артық!» – футзалдан Еуропаның ең үздік бомбардирі

«Халқымның ықыласы қадірі кеткен медальдан артық!» – футзалдан Еуропаның ең үздік бомбардирі
ашық дереккөзі
Футзалдан Еуро-2022 турнирінің үздік бомбардирі атанған Біржан Оразов өз жетістігінің ескерусіз қалғанын жеткізді деп жазды turkystan.kz.
«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз мейрамына орай, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан белсенді қоғамдық қызметкерлерді және тағы сол сияқты ерен еңбектері үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. «Сол тізімде неге сен жоқсың?» сынды сұрақтар біраз адамдардан келіп жатыр. «Қай ата-бабаң Еурода бомбардир атанды?» деген пікірлер де келді. «Еуропаның ең үздік бомбардирі» атағын алғалы, мемлекет тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ешқандай құттықтау, тым болмағанда алғыс хат болған жоқ» деп жазды Біржан Оразов.
Оның жазуынша, бұл марапаттар маңызды емес.
«Маңыздысы - менің халқымның қолдауы, елімнің атынан паркетке шыққанда тақымын қысып, бізге қолдау көрсеткені. Халқымның ықыласы қадірі кеткен медальдан артық! Дегенмен, осындай дәрежеде ойын көрсетіп, Еуропа, әлем деңгейінде нәтиже көрсетіп жатқан спорт түрін неге қолдамасқа? Бұл жанып келе жатқан жаңа буынға үлкен ынта болар еді!» - деді футзалшы.
Тағы оқи отырыңыз: «Сіздерге бәрібір!»: қазақ футболшылары сапалы стадионда ойнағысы келеді