Әлем қазақтары әз-Наурызды асыға күтеді
Әлем қазақтары әз-Наурызды асыға күтеді
Екі жылға созылған пандемияға дейін ұлттық мерекелерді ерекше атап өтіп жүрген шетелдегі қазақтар биылғы Наурыз мерекесін асыға күтіп отыр. Індетке байланысты енгізілген шектеулер біртіндеп алына бастаған қазіргідей уақытта олар «Наурызды қалай тойлатамыз?» деп сол елдегі қауымдастық өкілдерінен сұрастырып, қауырт дайындық үстінде. Мемлекеттердің мәдени байланысына тың серпін беріп, сонымен қоса ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, рухани байланыстың арта түсуіне себепкер болып жүрген қауымдастық өкілдері Наурыз мерекесін бәрінен биік қоятынын айтады. Ұлық мереке қарсаңында Еуропада, атап айтқанда Швеция мен Германияда тұратын қандастарымыздың Наурыз мерекесін қалай атап өтетінін білу үшін ондағы қазақ қауымдастықтарының төрағаларына хабарласып, әңгімеге тартқан едік.
шақыра бермейміз. Десек те, олар біздің салт-дәстүріміз, мәдениетімізбен Стокгольмде өтетін іс-шараларда таныса алады. Әзербайжан, түріктер қоғамының өкілдері жыл сайын сәуір айының ортасында бас қаладағы патша сарайының бау-бақшасында «той» жасап, үлкен іс-шара ұйымдастырады. Бұл мерекенің жоғары деңгейде өтуіне біз де атсалысамыз. Жеке шатыр құрып, жиналған көпшілікке ұлттық киімдерімізді дәріптеп, ұлттық тағамдарымызды ұсынамыз. Ал жас өнерпаздар үлкен сахнаға шығып, 30 мыңға жуық тұрғынның алдында домбыра тартып, «Қара жорғаны» нақышына келтіріп билейді. Сондай кезде буыны қатқан шведтер де бұл биді үйреніп алып, сахна алдына шығып, өнерін ортаға салады.
Негізі, қазіргідей жаңа технология заманында Наурыз мерекесінің маңызын жастар көп түсінсе екен деймін. Өкінішке қарай, бұрын балаларымызбен бірге отырып кино көретін едік, сабақты бірге орындайтын едік. Ал қазір мұның барлығы келмеске кеткендей. Телефонға тәуелділік қазіргі заман дертіне айналды. Десе де, біз өзімізден тараған ұрпаққа атамыз, әкеміздің бізге айтқанын айтып, үйреткенін үйретуге тырысып жүрміз. Мысалы, өткенде екі қойды әкеп, ер балаларға оны қалай сою керек, етті қалай мүшелеп, жіліктеу керек, бас табаққа қандай ет салу қажет екенін көрсеттік. Келе алмағандарына видеоға түсіріп, біліп жүрсін деген ниетпен жолдадық. Біздегі басты мәселе – жастарымыздың ана тілімізде сөйлемеуі. Ағылшын тілінде әлем жұртшылығы сөйлейтіндіктен, балалар да қазір соған басымдық беруде. Алысқа бармай-ақ, өз отбасымдағы жайтты айтайын, қазір балаларыма түрік тілі мен қазақ тілін үйрету қиынға соғып жатыр. Қазір Қазақстанда ашылған «Отандастар» қоры шетел қазақтарына қазақ тілін онлайн форматта үйретіп жатқанын білемін, бірақ онда үйренемін деушілер саны шектеулі.
Үлкендеріміздің осыншама жыл бойы ұлттық құндылықтарымызды сақтап келгеніне, оны бізге мирас етіп жеткізгеніне таңғаламын. Біз Швецияға менің 5 жасымда көшіп келдік. Ес білгелі анам «Қазақтан қыз аласың» деп қадап айтып жүрді. Ол кезде Қазақстан тәуелсіздігін алмаған. «Жеке мемлекет емес қой» дегенімде, анам «Бәрібір ұлттығымызды сақтап қалуымыз қажет» деп құлағыма құйып отыратын. Содан болар, туыстарымыздың түгелі қазақпен құда болды.
Тек Швеция қазақтары қоғамының емес, Еуропадағы қазақ қоғамы федерациясының президенті болғандықтан, іссапарға жиі шығамын. Париждегі қазақтар 27 наурыз күні Наурызды жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр. Осындағы қалың бұқарамен тойлаған соң, Париждегі қазақтармен бірге тойлату үшін сонда жол жүргелі отырмын. Сосын Ыстанбұлда өтетін Түркі мемлекеттері өкілдерінің жиналысына қатысып, ондағы қазақтарды құттықтап қайтамын. Қайыра айтқанда, Наурыз мейрамын отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап тойлағалы тұрмын.
Әр қазақтың үйінен татулық пен бірлік кетпесін! Бұл екеуі болмаса, бұл өмірдің сәні де, мәні де жоқ. Екі дүниенің жақсылығын тілеймін! Егемендігіміз мәңгілік болсын! Елдігімізге бекем болайық, тілі мен ата дәстүрін ұмытпайтын қазақ болайық!
Осылайша, Наурыз тойлауға қажеттінің барлығына қол жетіп тұрған соң біздегі мерекенің қандай жоғары деңгейде өтетінін ойлай беріңіз. Бізбен бірге атойлатып тойлау үшін тіпті 300 шақырым жерде орналасқан аймақтардан келетіндер де бар. Қала әкімі де қатысып, қызығып кеткен болатын. Сосын олар 2019 жылы Наурыз секілді ерекше атап өтетін қала күні мерекесін тойлауға шақырып, бізге арнайы орын беріп, ұлттық тағамдар мен киімдерді насихаттауға мүмкіндік жасаған еді. Биыл тағы шақырып жатыр. Осы жолы ерекше дайындықпен барғымыз келеді, алаңға келген халық мәдениет, әдебиеттен хабар алса екен дейміз. Өйткені Германиядағы көпшілік Қазақстанның қандай ел екенін әлі біле бермейді.
Бүгінде елшілік, бас консулдық арқылы қауымдастықтың жұмысы таныла бастаған соң биыл 3 мыңнан астам адам Наурыз мейрамын атап өткісі келетінін айтып, ниет білдірді. Алайда Германияда осыншалық көп адам жиналуға рұқсат берілмегендіктен, биыл Наурызды ұлан-асыр қылып атап өте алмаймыз. Жартысын ғана шақырып, қалғанының кеудесінен итеруге тағы болмайды. Бірақ 22 наурыз күні қауымдастық қызметкерлерімен атап өтуді көздеп отырмыз. Ал күзде барлық шектеу алынып тасталған кезде Наурыз мерекесінде бас қосқысы келген 3 мың адамды жинап, Қазақфест жасамақ ойымыз бар. Күзге дейін бірнеше іс-шара атқармақшымыз. Былтыр Мюнхенде тұратын неміс қыздары өз қолымен киіз үй жасағысы келіп, елшілік оларға көмектескен болатын. Ал біз қазақша ет, бауырсақ әзірлеп, киіз үй туралы бар білетінімізді айтып берген едік. Олар киіз үй жасауды биыл аяқтап, көпшілікке көрсеткен еді. Тым үлкен етіп әзірлеген әрі кейбір тұсы дұрыс құрастырылмаған. Десе де, киіз үй жасау технологиясын білмесе де, олардың бұл ниетіне риза болдық. Сол идеядан туындаған Юртафестті биыл мамыр айында өткізбекшіміз. Жалпы, алдағы уақытта Наурыз мейрамын 10 мыңнан астам адам тойлайтын мереке деңгейіне жеткізгіміз келеді. Мұны көп адам көрсе, бұл мереке туралы көп білсе дейміз. Сосын тек Штутгарт маңында емес, Германияның басқа өңірінде, тіпті көршілес Швейцарияға барып ұйымдастырғымыз келетінін жасырмаймын. Қауымдастықтың жұмысы жылдан-жылға алға басып келеді, қызметкерлер саны да ұлғаюда. Алдағы уақытта діттеген бұл мақсатымызға жетеміз деген ойдамын.
Айналаңызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаудың өзі – баға жетпес бақыт! Сондықтан көңілді кір шалмасын! Береке, бірлік, бейбіт өмір тілеймін! Наурыз мейрамы құтты болсын!