Қытайда 132 адамы бар ұшақ орманға құлады (ВИДЕО)

Қытайда 132 адамы бар ұшақ орманға құлады (ВИДЕО)

Қытайда 132 адамы бар ұшақ орманға құлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар лайнерінің құлаған сәті түсірілген видео пайда болды. Кадрда ұшақтың төмен қарай тігінен құлдилап бара жатқаны көрінеді деп хабарлады turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Еске сала кетсек, таяуда Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта 132 адам болған. Апаттан кейінгі орман өрті сөндірілгенмен, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Ұшақ апатынан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және Қытай халқына көңіл айтты.