«Президентіміз қорғаушысына ескерту жасап, еркектік танытты» - Мұхамеджан Тазабек (ВИДЕО)

Кейінгі кезде «бас одашы» Балтабек Нұрғалиевтен кейін жағымпаздықтан алдына жан салмай кеткен ақын Мұхамеджан Тазабек бұл жолы да Президенттің қалың көпшілік арасындағы әрекетіне пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Қалың нөпірде қызды қысып жіберген қорғаушысына Президентіміз ескерту жасап, еркектік танытты. Қызға деген қамқорлық, әлсізді басынбау – мықтылардың ғана еншісіндегі қасиет! Алла намысымыздан ажыратпасын! Еркек – еркек орынын, әйел – әйел орынын білетін әдемі үйлесімнен айырмасын! Ұлыстың ұлы күні қүтты болсын!» – деді ол.

Айта кетсек, 21 наурызда Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне орай Алматыға ұшып барды. Ол халықты құттықтауға өтіп бара жатқанда жиналған қауым қол созып, ұмтыла бастаған. Сол сәтте Президент қыздың қолын қағып жіберген оққағарына ескерту жасаған видеосы желіде тарап кетті.

Енді қазір Мұхамеджан Тазабектің Мемлекет басшысына қатысты осындай болмашы сәттердің бәрін іліп алып, өзінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына оңды-солды сала беруді әдетке айналдырып алғаны қызық…

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button