Петропавлда ЖЭО құбыры құлады (ВИДЕО)
Петропавлда ЖЭО құбыры құлады (ВИДЕО)
20 наурызда кешкі уақытта Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш түтін құбырының бірінің мұржасы құлады деп хабарлады turkystan.kz.
Компания өкілдері станцияда барлық жедел әрекет ету қызметтері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанын айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге 2-ЖЭО-дан зардап шеккендер қалалық ауруханаларға түспегенін хабарлады. Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр.
Құбырдың құлағаны туралы хабарлама сағат 19:20-да келіп түскен.
Түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілді. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна. 2016 жылы жөнделген.