Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр

Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр

Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр
ашық дереккөзі
В.Путин бастаған Ресей үкіметі соғыстан жеңіліп жатқанын сезіп, жан-жақтан барынша қосымша күш тартуға тырысып жатыр. Тіпті, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерді әскер беруге көндіруге тырысып бағуда деп хабарлады turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жайлы Украина президент кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк  жазды.
«Ресей жанұшыра көмек іздеп жатыр. Тынық мұхиты маңындағы күштерін Украинаға тартып, ҰҚШҰ әскерін соғысқа қосуға көндіруге тырысып жатыр. РФ қазір ауыр артиллерияны іске қосты. Бейбіт тұрғындарды қынадай қырып, Қанжар мен Бастион бомбаларын тастап жатыр» деп жазды Подоляк Twitter-де.
Айта кетсек, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болса, Украинаға әскері мен әскери техникасын жібермейтінін бірнеше рет мәлімдеген. Тағы оқи отырыңыз: Түркиядағы жол-көлік оқиғасынан 17 адам зардап шекті