Шымкенттіктер «Сайрам» мұражайының жабылуына қарсы

Шымкенттіктер «Сайрам» мұражайының жабылуына қарсы

Шымкенттіктер «Сайрам» мұражайының жабылуына қарсы
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев аймақтарға сапар барысында Шымкент қаласының Қаратау ауданына барып жергілікті халықпен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу барысында тұрғындар депутатқа еліміздің жаңа бағытқа бетбұрғанына қуанышты екенін айтып, өңірдегі бірқатар мәселелерді атап өтті. Соның бірі - Сайрам тұрғын алабында орналасқан 1992 жылы құрылған «Сайрам» өлкетану мұражайының жабылуы туралы. Тұрғындардың айтуынша, музей отыз жылдан бері қала халқы мен туристерге қызмет көрсетіп келеді. 10 мыңға жуық эспонаттары бар, көне Исфиджап қаласының тарихынан сыр шертетін жәдігерлер жиналған бұл мұражай бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының балансында болған. «Сайрам» Ф.Қаратаев атап өткендей, қала тұрғындары  облыс басшыларының ұйғарымымен мұражай экспонаттарын, жергілікті тарихқа қатысты жәдігерлердің Түркістан облысына көшірілуіне қарсылық білдіруде.
– Шымкент қаласына туристер көптеп келеді. Олардың басым бөлігі Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың әке-шешесі Ибрагим ата, Қарашаш ана, атасы Махмут баба, Бәлегардан бап, Мәриям ана, Қазы Байзауи, Боздақ ата, Қыдыр ата мұнарасы және т.б. Осы тарихи орындардың қатарында «Сайрам» мұражайының орны ерекше, – деді тұрғындардың бірі.
Кездесу барысында қала тұрғындары бабалар аманаты болған тарихи жәдігерлерді қастерлей отырып, мұражайды өз орнында қалдыру туралы талаптарын жеткізді. Депутат аталған мәселе бойынша алдағы уақытта тиісті органдармен жұмыс істейтінін айтты.