Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр

Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр

Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеті таратылып жатыр
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткізіліп, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылады. 1 наурыздан бастап азық-түлік жиынтығын мыңнан астам отбасы алды. Қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары көмек көрсетіп жатыр.
«Ұлттық Наурыз мейрамы қарсаңында азық-түлік жиынтықтары 600-ден астам отбасыға таратылды, олардың арасында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жалғызбасты зейнеткерлер мен халықтың басқа да әлеуметтік санаттары бар. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні өткізілді, онда 500-ден астам отбасы азық-түлік себеттерін алды», - деді Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергенова.
Жалпы, елордада қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ал қарлы күндерде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қарт кісілердің аулаларын күреу жұмысы назардан тыс қалмайды.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және қолдауымен біз 600-ден астам адамға азық-түлік себетін тараттық. Азық-түлік жиынтығына күнделікті тұтынатын негізгі өнімдер кіреді. Олардың қатарында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер және т.б. Іс-шараға еріктілер мен қаланың белсенді тұрғындары қатысады», - деп атап өтті «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.
Өз кезегінде себет алушылар ұйымдастырушыларға және қайырымдылық акциясына қатысқандарға көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Ұйымдастырушыларға көрсеткен көмегі үшін алғысым шексіз. Осындай Наурыз мерекесінде бізді назардан тыс қалдырмай, қолдап, көмек көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет. Сіздерге денсаулық пен бақ-береке тілеймін», - деді көпбалалы ана Маржан Гимранова.
Айта кетсек, жыл басынан бері елорданың 10 мыңнан астам тұрғынына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілді. Ал былтыр «Игі істер марафоны» аясында мұқтаж жандарға 15 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған. Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдау мақсатында митинг өткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)