Жаңалықтар

AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдау мақсатында митинг өткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ашық дереккөзі

AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдау мақсатында митинг өткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен митинг өтті. Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өткен бейбіт шеруге барлық саланың өкілдері қатысты. Олардың ішінде партия және қоғам белсенділерінен бөлек, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, спортшылар, жастар және ел ертеңіне бейжай қарамайтын қала тұрғындары бар. Митингке қатысушылар саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасын қолдайтындарын білдіріп, арнайы транспаранттармен келді. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мен бастамалары еліміздің Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол», - деді ғалым. «Менің ұлтым – украин, бірақ жүрегім қазақ деп соғады! Себебі, мен осы елде туып-өстім, білім алдым, достарымның барлығы дерлік қазақтар» деген Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 2-курс студенті Ариана Белобжицкая жастарды ең алдымен мемлекет мүддесі үшін қызмет етуге шақырды. Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров еліміздегі саяси реформалардың өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, митингте Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан, Саясат Нұрбек, Динара Зәкиева, қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров, журналист Сергей Пономарев, кәсіпкер Ларион Лян, көпбалалы ана Сана Жандай, әнші Ибрагим Ескендір және басқалар сөз сөйледі.