«Президенттің батыл қадамдары еліміздің тыныштығын сақтап қалды» – Божко

«Президенттің батыл қадамдары еліміздің тыныштығын сақтап қалды» – Божко

«Президенттің батыл қадамдары еліміздің тыныштығын сақтап қалды» – Божко
ашық дереккөзі
Елорда әкімдігінде Алтай Көлгіновтің басшылығымен Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша қала активімен кеңес өтті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдау азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған: биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия жүйесін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, құқық қорғау институттарын күшейту, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру және т.б. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Владимир Божко елдігімізден айырылмауға мүмкіндік берген – қаңтарда қабылданған батыл қадамдары үшін Президентті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің тұрақты дамуына сай келетін басымдықтар мен шарттарды белгіледі. Бірлігіміздің арқасында біз қаңтар айында елімізді қорғап, Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шаралары нәтижесінде бүлікшілерге батыл тойтарыс бердік. Қаңтардағы оқиғалар Қазақстанды қауіпті нүктеге айналдыру, елімізді бүлдіру, бейбіт өмірді бұзу, Президентті, сол сияқты мемлекеттілікті құлату ниетте болды. Осыған байланысты Президент қабылдаған шешімдерге қолдау көрсету маңызды. Бұл шешімдер іс жүзінде тонаушыларға, террористерге, бүлік шығарғандарға лайықты тойтарыс болды. Президенттің батыл қадамдары еліміздің тыныштығын сақтап қалды. Осы оқиғаларға қарамастан, Мемлекет басшысы Жолдауда әрі қарай демократияландырудың маңыздылығын атап өтті», – деді Владимир Божко.
Мемлекет басшысы саяси жүйені жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов саяси реформалар әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беруге бағытталғанын атап өтті.
«Қазіргідей күрделі кезеңде халықтың бірлігі мен қолдауы аса маңызды. Жолдауда белгіленген жаңа өзгерістерді бірлесіп іске асыру барлық тұрғындардың мүддесіне сай келеді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын арттыру мәселесі жұмысқа орналасу ісімен тікелей байланысты. Биыл 28 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз, оның 24,5 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Биыл жастар үшін 7 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, 1 мыңнан астам пәтер кілтін тапсырамыз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі 3 мыңнан 10 мыңға дейін артты», – деді Алтай Көлгінов.
Бұдан басқа, әлеуметтік қолдау бойынша 170 мыңнан астам адам қамтылу жоспарланып отыр. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жұмыс та жалғасатын болады.  width=