«Қазақстан рубльмен есеп жүргізеді»: министрлік ақпаратқа түсініктеме берді

«Қазақстан рубльмен есеп жүргізеді»: министрлік ақпаратқа түсініктеме берді

«Қазақстан рубльмен есеп жүргізеді»: министрлік ақпаратқа түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Ресейдің экономикалық даму министрлігінің басшысы Максим Решетников ЕАЭО елдері өзара рубльмен есеп айырысуға көшеді деп мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 
«ЕАЭО өзара есеп айырысуды шетел валютасымен емес, рубльмен жүргізе бастайды, бұл Ресей үшін өте маңызды», - деді министр Еуразиялық экономикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте.
Оның айтуынша, бұл - бүгінгі күні Ресей үшін маңызды мәселелердің бірі.
«Басқаша айтқанда, әр елдің алатын баждары белгілі бір пропорцияда бөлінеді, олар одақтық келісімде бекітіледі және тиісінше бюджетке түседі», - деді Решетников.
Решетниковтың мәлімдемесінен кейін Azattyq Rýhy тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, осы мәселеге қатысты жауап алды.
«Қазір бұл мәселе талқылану үстінде. Оның нақты қалай боларын Еуразиялық экономикалық комиссия шешеді. Бірақ қазір әр ел ұлттық валютада есеп жүргізуі тиімді екенін көріп отырмыз. Мысалы, Қазақстан теңгеде, ал Ресей өз рублімен есеп жүргізеді. Бұл экономикалық тұрғыда тиімді болады. Осы ретте, Максим Решетниковтың айтқаны экспорт пен импорт емес, одақ елдеріне бөлінетін баждарға ғана қатысты екенін еске салған жөн», - дейді Сауда министрлігі. Айта кетерлігі, әр ел ұлттық валютада есеп жүргізу бастамасы доллардан бас тарту мақсатында жүргізіліп отырған қадамның бірі.