«Өлім әкелетін диктатор»: Байден Путиннің қандай екенін айтты

«Өлім әкелетін диктатор»: Байден Путиннің қандай екенін айтты

«Өлім әкелетін диктатор»: Байден Путиннің қандай екенін айтты
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Джо Байден «Ирландия достарының» жыл сайынғы түскі асында ресейлік әріптесі Владимир Путинді «өлім әкелетін диктатор» және «таза бандит» деп атады деп хабарлады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. Басылымның жазуынша, Байден кездесу барысында Путин туралы сөз қозғаған.
«Енді сіздерде Украина халқына азғын соғыс жүргізіп жатқан өлім әкелетін диктаторға, таза бандитке қарсы шығатын Ирландия мен Ұлыбритания бар. Қазір Ирландия мен АҚШ бірлесе жұмыс істеуде, өйткені Ирландия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бөлігі болып саналады», — деді америкалық көшбасшы.
Айта кетсек, бұған дейін Байден Ресейдің Украинадағы іс-әрекетін айыптай отырып, Путинді «әскери қылмыскер» деп атаған еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президентінің мәлімдемесіне рұқсат етілмейтінін хабарлады.