«Сіздің орныңыз әрдайым бөлек»: Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлын құттықтады

«Сіздің орныңыз әрдайым бөлек»: Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлын құттықтады

«Сіздің орныңыз әрдайым бөлек»: Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлын құттықтады
ашық дереккөзі
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлын «Парасат» орденін иеленуімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Сізді көгілдір көктемнің гөзал мейрамы, көзайым мерекесі – әз-Наурыз қарсаңында егемен еліміздің ең басты наградаларының бірі «Парасат» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ байтағының шоқтықты бір биігі, ұлт ұясы Ұлытау топырағынан түлеген текті тұлғалар қатарында Сіздің орныңыз әрдайым бөлек. Еліміз тарихындағы ең бір шешуші кезеңде үлкен саясат сахнасына шықтыңыз. Бекзат болмысыңызға барынша бай біткен ізденіс пен ізгілік, мейірбандық пен кішіпейілділік қасиеттер Сізді әрдайым баталы биіктерге бастады» деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ ол Берік Әбдіғалиұлы сенім мен серт биігінен көріне білген азамат екенін атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты лауазымында, мәдениет пен руханиятымыздың асыл мұраттарын ұлықтауға лепті үлес қосып келесіз. Сіздің қажырлы қайраткерлігіңізбен қатар, қарымды қаламгер ретіндегі еңбегіңіз де орасан. Ондаған кітаптың, көптеген ұлттық жобалардың авторы және жетекшісі болып табыласыз. Қадірлі Берік Әбдіғалиұлы! «Ел санатымен көгереді» дейтін қанатты қағида бар. Ел санаты дерлік ерен тұлғаларымыздың бірі бүгінде Өзіңізсіз. Сізді мерейлі марапатыңызбен тағы да құттықтай отырып, деніңізге саулық, қызметіңізге табыс, отбасыңызға ырыс-береке, ұзақ ғұмыр тілеймін», - деді музей директоры.
Тағы оқи отырыңыз: «Торғай облысын қайта құрар күн де алыс емес шығар» – Берік Әбдіғалиұлы