Азия Даму банкі: Қазақстан су қауіпсіздігі бойынша оныншы орында
Азия Даму банкі: Қазақстан су қауіпсіздігі бойынша оныншы орында
«Білімге негізделген су ресурсарын басқару» атты ІІІ қазақстандық форумда Азия даму банкінің су ресурстарының бас маманы Ясмин Сиддики: "Азия даму банкі жасаған су қауіпсіздігі рейтингінде Қазақстан Азия елдерінің ішінде 10-орында тұр", - деп хабарлады.
«АДБ құрастырған су қауіпсіздігі индексінде Қазақстан оныншы орында тұр. Бұл жаман көрсеткіш емес. Рейтингке жалпы 48 мемлекет қатысты», - деді Я.Сиддики өз пікірінде.
«Ауыл шаруашылығы су ресурстарының 80 пайызын қолданады. Жалпы, су ресурстарын есепке алып, қанша су бар екенін, кім және қалай пайдаланып отырғанын біліп отыру керек», - деді Я. Сиддики. Осыны еске салған Ясмин Сиддик осы нәтижемен шектеліп қоймай, үнемі алға жылжу керектігін айтты. Себебі 2050 жылы Азия халқы 5,2 млрд адамға жетіп, таза ауыз су жетіспеушілігі болуы мүмкін.