Жүк пойызы 20 шақты жылқыны қағып кетті

Жүк пойызы 20 шақты жылқыны қағып кетті

Жүк пойызы 20 шақты жылқыны қағып кетті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының маңында пойыз машинисі 20 шақты жылқыны қағып кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Аталған оқиға 18 наурыз күні сағат 03:00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласынан 60 шақырым жердегі Еркіншілік-Сарыоба учаскесінде болған. Жүк пойызының машинисі қараңғы болғандықтан темір жолдағы жануарларды бірден байқамай, 20 жылқыны қағып кеткен. Тексеру кезінде полицейлер түнде жылқыларды қараусыз қалдырғаны үшін 44 жастағы жылқышыны жауапқа тартты. Оған қарсы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 559-бабы – темір жол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша хаттама толтырылды. Кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.