Мұнай өндіруші кәсіпорындардың әлеуметтік әріптестері жұмыссыздық мәселесін шешеді

Мұнай өндіруші кәсіпорындардың әлеуметтік әріптестері жұмыссыздық мәселесін шешеді

Мұнай өндіруші кәсіпорындардың әлеуметтік әріптестері жұмыссыздық мәселесін шешеді
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Кәсіподақ федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жетібай кен орнына барып, сондағы «Жетібаймұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Жетібай - 53 жыл бұрын ашылған, мыңға жуық ұңғымасы бар Маңғыстаудағы ірі кен орнының бірі. «Жетібаймұнайгаз» акционерлік қоғамында 1 060 адам жұмыс істейді, оның ішінде 940-ы бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі. Мұнай өндіруші кәсіпорынның директоры Болат Сейтмағанбетовтің айтуына қарағанда, әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық мәселелері бастауыш кәсіподақ ұйымымен келісіледі.
 «Кәсіподақпен бірлесіп консультация жүргізе отырып, жұмысберуші мен жұмыскердің мүддесін сақтайтын шешім қабылдауға тырысамыз. Ұжымдық шартты қалыптастырудың озық тәжірибесін зерделей отырып, жұмыскерлердің жалақысын 30 пайызға көтердік. Қазір бірлесіп кәсіпорында жұмыс орындарын бөлу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді жұмысберуші.
Осы тақырыпты жалғастырған кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәди Кентановтың айтуынша, әлеуметтік әріптестер кәсіпорында пайда болған бос жұмыс орындарын жұмыспен қамту орталығының келісімі бойынша, яғни әділ жолмен бөлінеді екен.
«Біз тұрмыстық жағынан аз қорғалған тұрғындар санатын жұмыспен қамту бағдарламасына қатысамыз. Барлық құрылған бос жұмыс орындары жұмыспен қамту орындарының үміткерлері және «кәсіподақ комитеті тізімі» бойынша тең бөлінетіні жөнінде жұмыс берушімен келісіп алдық. Ол тізімде кімдер бар? Егер мұнайшы зейнеткерлікке шықса, оның орнын отбасының мүшесі иеленеді, отбасында жалғыз асыруашысы бар не болмаса көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. Егер адамда біліктілігі жоқ болса, екі айлық оқу курсы қарастырылған. Осылайша, өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге атсалысамыз», - деді кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Әлеуметтік әріптестер кадр ғана емес, басқа да мәселелерді бірлесіп шешеді. Мамандықтың жарақат алу қаупі жоғары екенін ескере отырып, жұмыс беруші кәсіподақтың жұмыс уақытын өзгерту туралы дәлеліне құлақ асқан.
 «Кәсіподақ комитетімен бірлесіп талдау жүргіздік. Тәжірибе көрсеткендей, кен орнында бұрын жазатайым оқиғалар вахта жұмысының 12-14-күндері болатын болған. Осыншама уақытта кез келген шаршаған адам жұмыс орнында қателік жасап, жарақат алуы мүмкін. Біз вахта мерзімін 10 күнге қысқарттық», - деді Болат Сейтмағанбетов.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 12 техникалық қауіпсіздік бойынша инженер жұмыс істейді. Олар кен орнындағы еңбек жағдайының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне мониторинг жасайды. Былтыр кен орнында бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмеген. Сатыбалды Дәулеталин Жұмысберушінің де, жұмыскерлердің өздерінің де айтуынша, мұнайшы мамандығының жағымсыз тұсы да кәсіби аурулардың болуында, көбінесе олардың істеген жұмыстары буындарға жаман әсер етеді.
 «Мұнайшылардың кәсіби ауруы – аяқ буындарының артриті. Сондықтан, қазір әріптестеріміз толыққанды профильдік сауықтыру емдеу шараларын алуы үшін қазақстандық шипажайлардың сауқтыру қызметтерін зерделеп жатырмыз» деп мәлімдеді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәди Кентанов.
ҚР КФ төрағасы Федерацияның шипажай-курорт кешенінде сегіз сауықтыру орны бар екенін атап өтті, оларда сауықтыру және реабилитацияның ауқымды медициналық емдеу шаралары ұсынылады. Оның айтуынша, ҚР КФ кен орнындағы жұмыскерлерді сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесуге әзір. Әлеуметтік әріптестердің бірлескен іс-қимылының нәтижелерімен, мұнайшылардың еңбек етуіне жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен танысқан ҚР КФ төрағасы жұмысшылар жатақханасы мен асхананы аралап, вахта жұмыскерлерімен сөйлесті.
 «Бізде қазір жұмыс күні 12 сағатқа дейін ұзартылды, біз оған қуанамыз, өйткені – айлыққа қосымша ақы қосылады. Кәсіподақтың арқасында ыңғайлы ауысым кестесі енгізілді. Біз ауысымда орнымызға келетіндерге мұнай өндіру үдерісін бақылауды жоғалтпастан нысанды тапсыра аламыз», - деді ұңғыма операторлары ҚР КФ төрағасына.
Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі кәсіпорындарда тиімді әлеуметтік әріптестіктің дамуына Федерация айрықша мән беретінін атап өтті.
 «Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін орындарда кәсіпорын жұмыскерлерінің құқығы жеткілікті деңгейде сақталатынына сенімдіміз. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдері арасындағы әріптестік қатынастың нәтижесі - тиімді ұжымдық шарт және кәсіпорындағы барлық жұмыстың жолға қойылуы», - деді Сатыбалды Дәулеталин.
ҚР КФ делегациясының Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтауда облыстағы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Кәсіподақ активіне кәсіподақ мүшелерін көбейту, жұмыскерлерге және олардың жұмыс берушілеріне еңбек және кәсіподақ заңнамасын қолдану тәжірибесі бойынша оқу семинарларын ұйымдастыру және өңірдегі әлеуметтік әріптестермен өзара қарым-қатынасты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Еске салсақ, Маңғыстау облысында Кәсіподақтар федерациясының 695 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, мүшелікте 90 мыңнан астам жұмысшы бар. Тағы оқи отырыңыз: Ресейдің мұнайына салынған тыйым Қазақстанға әсер ете ме?