Диетологтар қан қысымын ретке келтіретін өнімдерді атады

Диетологтар қан қысымын ретке келтіретін өнімдерді атады

Диетологтар қан қысымын ретке келтіретін өнімдерді атады
ашық дереккөзі
Америкалық диетологтар жоғары қан қысымы кезінде көмектесетін өнімдерді атады деп хабарлады turkystan.kz. Диетолог Триста Бест шпинат, қырыққабат және бұршақтың қан қысымы жоғары адамдар үшін  пайдалы екенін айтты. Аталған өнімдердің құрамындағы магний ағзадағы азот оксиді өндірісін арттырады және тамырларды босатып, қан айналымын қалыпқа келтіреді. Ал, Джанет Коулманның айтуынша, қан қысымын түсіруге көмегі зор тағы бір тағам – майлы балық. Омега-3 май қышқылдарына бай ақсерке, скумбрия сияқты балықтар жүрек жұмысын жақсартады. Journal of Nutrition журналы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша аптасына үш рет ақсерке балғын жеу қан қысымын төмендететінін көрсеткен. Зерттеушілер, бұл ретте сүт өнімдерінің де пайдасы мол екенін айтқан. «Сүт пен йогурт сүйек денсаулығына өте қажет ақуыз бен кальцийге бай. Сонымен қатар құрамында қан қысымын төмендетуге көмектесетін калий де бар», - деді дәрігер. Диетолог Рэйчел Файнның айтуынша, авокадо да калийге бай. «Калий магний сияқты әрекет етеді. Ол қан тамырларын босаңсытып, оның айналымын тұрақтандырады», - деді диетолог. Мамандар жоғарыда аталғандардан бөлек, банан мен сарымсақтың да калийге бай екенін және олар жоғары қан қысымымен күресуде пайдалы болуы мүмкін екенін айтты.