Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар? (ИНФОГРАФИКА)
Елімізде Наурыз есімді қанша адам тұратындығы туралы инфографика жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам бар. Оның 1 417-сі - ер, 36-сы - әйел.
Наурыз есімді Маңғыстау облысында 278 адам, Түркістан облысында 190 адам, ал Қызылорда облысында 160 адам тұрады.
01.01.2021-01.01.2022 жылдар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.