Заңсыз қар төгем деп...
Заңсыз қар төгем деп...
Жыл басынан бері қаланың табиғат қорғау полициясының қызметкерлері көшедегі және жолдағы қарды рұқсат етілмеген жерлерге заңсыз төккен 22 автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге 509 040 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Қысқы кезеңде қала аумағын жинау ерекшеліктері» абаттандыру ережелеріне сәйкес (Астана қ. мәслихатының шешімімен бекітілген, 5 бөлім, 60 т.), көшедегі және жолдағы қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығару қажет. Қарды (қоқыссыз) мына мекенжайлар бойынша шығаруға рұқсат етілген:
«Алматы» ауданы – Железнодорожный т.а., әскери бөлімшенің сыртында. «Сарыарқа» ауданы – Н. Тілендиев даңғылы, «Тайм» ЖҚС ауданы. «Есіл» ауданы – Рождественка тас жолы, «Рубеж» бекетінің сыртында, оң жақта, сондай-ақ, су тазартқыш құрылыстарының ауданында 27-ші көшеде балқыту станциясы бар.