Қарттар үйінде үйлену тойы өтті

Қарттар үйінде үйлену тойы өтті

Қарттар үйінде үйлену тойы өтті
ашық дереккөзі

Шымкенттегі қарттар үйінде үйлену тойы өтті деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Күйеужігіт – 80, ал қалыңдық – 75 жаста. Қарттар үйінде зейнеткерлер арасында сезім оянып, жақын араласа бастаған. Қалыңдық ұзақ уақыт бойы ұсынысты қабылдамаған. Бірақ табанды күйеужігіт оған қол жеткізіп, бүгінде олар бір отбасыға айналды.

«Алғаш көргенде оған бірден: «бірге тұрайық»,- дедім. Ол алғашқыда қатты таңқалды, бірақ мен өз дегеніме жеттім. Қазір біз бірге тұрамыз. Ол әрқашан жанымнан табылады, біз бір-бірімізге көмектесеміз. Енді қалған өмірімізді тек бір-бірімізді бағалап, құрметтеп, сыйластықта өткіземіз», - деді атай.
Көпбалалы әке қарттар үйіне 2012 жылы келген. Ол балаларға кедергі жасамас үшін өзім осындай шешім қабылдадым дейді. Зейнеткер немерелеріне жиі көмектесіп тұрады. Қарияның балаларына деген реніші жоқ, тек кейде қоңырау шалып тұрса деген тілегі бар. Ең бастысы, олар бір күні өздері де қартаятынын ұмытпаса дегенді де қоса айтты.
«Мен кейде балаларыма барып тұрамын. Немерелерім көп, бірақ олар маған аса жақын емес. Кейде ұлым да келіп тұрады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін, бұл - өмір және ол әркімде әртүрлі», - деді қария.
[caption id="attachment_172463" align="alignnone" width="1200"]қарттар үйі Фото: otyrar.kz[/caption] Отбасылық өмірде «жас жұбайлар» арасында дау-дамайлар да болып тұрады. Әжейдің айтуынша, күйеуі оған ұрыспайды, керісінше бәрін әзіл-қалжыңға айналдырып, жағдайды көңілді арнаға бұрып жібереді екен.
«Әрине, кейде дауласамыз, мен ұрсып жатсам, ол үндемей құтылады. Бірақ өзім бірінші болып бітімге келемін. Біз әйелдер сондаймыз», - деп жауап берді әжей.