Жаңалықтар

AMANAT: Мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды

ашық дереккөзі

AMANAT: Мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды

Наурыз айында AMANAT партиясы Көкпекті аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына келген ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірді деп жазды turkystan.kz. «2-топтағы мүгедек Айжан Қайратқызы Төлеубаева мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек сұрап келді. Біз өз тарапымыздан мәселенің оң шешілуіне барынша тырыстық. Айта кетсек, қабылдауға келетін азаматтардың шамамен 10 пайызы жұмыссыздық мәселесін көтереді. Осы наурыз айында жоғарыдағы азаматтан басқа да үш тұрғын біздің қоғамдық қабылдауға жүгіну арқылы жұмысқа орналасты», - деді AMANAT партиясының Көкпекті аудандық филиалының атқарушы хатшысы Кемербаева Раушан Алпысбекқызы. Партияның қоғамдық қабылдауларына жүгінген азаматтардың өтініштері егжей-тегжейлі зерделеніп, партия депутаттары және жергілікті атқарушы органдардың араласуы арқылы жүзеге асырылады. AMANAT партиясының ШҚОФ жанында партияның 20 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Атап айтқана, 1 өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесі және 19 аумақтық қабылдау бөлмесі бар. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1953 азамат өтініш білдіріп, 686 адамның өтініші немесе 35%-ы оң шешімін тапты. Оның ішінде консультативтік, құқықтық және өзге де көмек түрлері бар. Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы Президент Жолдауына байланысты мәлімдеме жасады