Ішімдікке әуес павлодарлық ананың сәбиі балалар үйіне жіберіледі

Ішімдікке әуес павлодарлық ананың сәбиі балалар үйіне жіберіледі

Ішімдікке әуес павлодарлық ананың сәбиі балалар үйіне жіберіледі
ашық дереккөзі
Төрт айлық қыздың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберілді деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық қызметкер 17 наурызда полицияға жүгініп, көмек сұраған.
«Баланың денсаулығына қатысты проблемалар бары анықталды», - деді Павлодар қаласы ПД Орталық полиция бөлімінің ювеналды полиция аға инспекторы Әсия Әлкеева.
Полицейлер келген бойда баланың анасы мас болған. Сәби облыстық  балалар ауруханасына тексеруге жіберілді. Бұдан кейін балалар үйіне орналастырылатын болады. Ал баланың тағдырына бей-жай қараған ана мастығынан айыққанша уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында болады. Тағы оқи отырыңыз: Антикордың мас қызметкерін ұстаған полицей Тоқаевқа үндеу жолдады