Суицидті насихаттауға шектеу қойыла ма?

Суицидті насихаттауға шектеу қойыла ма?

Суицидті насихаттауға шектеу қойыла ма?
ашық дереккөзі
Қазақстанда жастарға өз-өзіне қол жұмсауды  үгіттейтін әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар анықталған жағдайда, бірден жабылады. «Қазақстан заңнамасына сай келмейтін материалдар анықталған жағдайда интернет-ресурстың меншікті мекенжайына оларды жою туралы ескерту хаты жіберіледі. Меншік иесі бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, комитет «Байланыс туралы» ҚР заңының 41-1-бабында көрсетілген тәртіппен байланыс операторына интернет-ресурста жарияланған ақпаратқа шектеу қою туралы ұсыныс енгізеді», – деді байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті. Сонымен қатар министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес суицидті насихаттайтын материалдарды тарату заңнамада бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығуына тосқауыл қоюға негіз болады. Осылайша, заңнамада суицидті насихаттау белгілелері бар кез келген материалды БАҚ-та жариялауға тыйым салынған. «Ағымдағы жылдың қаңтары мен 25 қарашасына дейінгі кезеңде комитет ескерту жұмыстары аясында «ВКонтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілерінің және басқа да интернет-ресурстардың әкімшілерінің мекен жайына жастар арасындағы суицидті насихаттау белгілері бар 211 ақпараттық материалға (оның 161-і әлеуметтік желілерде орналастырылған) қатысты ескерту хатын жіберді. Бүгіні таңда аталған барлық материалдарға қатысты интернет-ресурстардың меншік иелелері оларды жою немесе Қазақстан аумағында кіруге шектеу қою шараларын қабылдады», – деді Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.