Жаңалықтар

«Дикий Арманның» ісіне қатысты тың дерек шықты

ашық дереккөзі

«Дикий Арманның» ісіне қатысты тың дерек шықты

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Жұмагелдиев Алматыдағы ҰҚК уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оның қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды», - деді Бас прокуратура tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында. Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 4-бөлігі («Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»); Қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып, жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру»; ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағы «Өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, адамды бас бостандығынан заңсыз айыру».