Жаңалықтар

Тойда рэп оқыған әйел жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Тойда рэп оқыған әйел жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Интернетте қазақстандықтар тойда рэп оқыған әйелдің видеосын талқылап жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Келіншек Coolio есімді рэп орындаушының өткен ғасырдың 90-жылдары жазылған туындысын орындады. Көпшілік оның рэп орындау шеберлігіне тәнті болды. «Керемет, жарайсың!», «Менің енем осындай болса, күнде бірге ән айтар ем», «Ду қол шапалақ!», «Әдемі шықты», «Айтарға сөз жоқ, тамаша!», «Керемет ене болады» десті олар.