Ақтөбе тұрғыны 13 жастағы қызына азғындық әрекет жасаған

Ақтөбе тұрғыны 13 жастағы қызына азғындық әрекет жасаған

Ақтөбе тұрғыны 13 жастағы қызына азғындық әрекет жасаған
ашық дереккөзі
Ақтөбе тұрғыны 13 жасар қызына азғындық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтып берді.
«Тергеушінің қорытындысымен келіп түскен қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы айыптау актісін жасап, 39 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді», - деді Дәулембаев.
Прокурор ер адамның бұрын колонияда жазасын өтегенін, бостандыққа шыққан соң отбасына оралғанын айтты.
«Тергеу ер адамның басқа отбасы мүшелері жоқ кезде қызына азғындық жасағанын анықтады. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды», - деді Дәулембаев.