Қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа қатысты тың дерек шықты

Қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа қатысты тың дерек шықты

Қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды деп жазды turkystan.kz елордалық сот мәліметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген сот хабарламасында.
Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​жатпайды. Айта кетсек, Қайрат Боранбаев - бизнесмен, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы. Forbes Kazakhstan-ның 2021 жылғы «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» рейтингіне енеді. Ол - Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's франчайзиі. Сондай-ақ «Алекс-Сарыағаш» минералды су құю компаниясы, «Алмалы» активтерді басқару компаниясы, «Кемикал» қазақстандық мұнай-химия компаниясы және «ҚазТурбоЖөндеу» холдинг компаниясының қожайыны. Сонымен қатар, бизнесменге Алматыдағы Aparking ақылы көлік тұрағын басқаратын «RR2» ЖШС, Fitnation фитнес-клубтар желісі, «Рахат Палас» қонақ үйі, Esentai Mall-дың 50 пайызы, Esentai Tower БО 50 пайызы, «Қайрат» футбол клубының мажоритарлық үлесі тиесілі.