Қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа қатысты тың дерек шықты

17 наурыз, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Қамауға алынған Қайрат Боранбаевқа қатысты тың дерек шықты Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды деп жазды turkystan.kz елордалық сот мәліметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген сот хабарламасында.
Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​жатпайды. Айта кетсек, Қайрат Боранбаев - бизнесмен, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы. Forbes Kazakhstan-ның 2021 жылғы «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» рейтингіне енеді. Ол - Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's франчайзиі. Сондай-ақ «Алекс-Сарыағаш» минералды су құю компаниясы, «Алмалы» активтерді басқару компаниясы, «Кемикал» қазақстандық мұнай-химия компаниясы және «ҚазТурбоЖөндеу» холдинг компаниясының қожайыны. Сонымен қатар, бизнесменге Алматыдағы Aparking ақылы көлік тұрағын басқаратын «RR2» ЖШС, Fitnation фитнес-клубтар желісі, «Рахат Палас» қонақ үйі, Esentai Mall-дың 50 пайызы, Esentai Tower БО 50 пайызы, «Қайрат» футбол клубының мажоритарлық үлесі тиесілі.